Жапонияда 5 баллдық жер сілкінісі болды

Жапондық метеорологиялық агенттіктің хабарлауынша, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 20:19-да тіркелді. Сілкініс 10 км тереңдікте болған, оның әсері Омати қаласы, Тикухоку және Огава ауылдарын қамтыған. Сейсмикалық дүмпулер 7 балдық жапон шкаласы бойынша "5 ұпайдан төмен" деңгейде болды.
Аймақтық метеорологиялық қызметтің мәліметі бойынша, жер сілкінісі нәтижесінде цунами қаупі жоқ. Бірақ жергілікті Огава ауылының кейбір аудандарында электр қуаты үзіліп, көлік қозғалысына кедергі келтірді. Сонымен қатар, жергілікті өрт сөндіру қызметі 21:00-де зардап шеккендер туралы ақпаратты растаған жоқ.
Сілкініс кезінде JR East теміржол компаниясы Каруизава мен Итогава станциялары арасында жүрдек пойыздардың қозғалысын уақытша тоқтатты.
Фото: baq.kz