232 адам отырған ұшақ апатқа ұшырады

Ұшақ бортында 232 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, әуе кемесі Ахмедабад қаласындағы Мегханинагар ауданына жақын маңда құлаған. Оқиға орнында үлкен дүрбелең орын алды.
Қазіргі уақытта құтқару топтары апат орнына жетіп, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіліп жатыр.
Үндістанның Ішкі істер министрі Амит Шах Гуджарат штатының бас министрі және Ахмедабад қаласының полиция комиссарымен сөйлесіп, жағдайды бақылауға алды. Үкімет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетілетіні айтылды.
Сондай-ақ Азаматтық авиация министрі Рам Мохан Найду ахуалды көзбен көру және тиісті шараларды үйлестіру үшін Ахмедабадқа жол тартты.
Қосымша ақпарат ресми органдар тарапынан нақтыланғаннан кейін хабарланады.
Фото: baq.kz