Иран халықаралық рейстерге әуе кеңістігін ашты

Бұған дейін Иран билігі Израильдің соққыларына қарсы әуе кеңістігі жабылғанын жариялады, ол бірнеше рет ұзартылды.
"Енді Иранның әуе кеңістігі алдын ала рұқсатпен Тегеранға және одан халықаралық рейстерге ұшуға ашық", - деп жазылған Flightradar сервисінің хабарламасында.
Картада әзірге Иранның үстінен ұшқан ешқандай рейстер тіркелмеген, сонымен қатар, Тегерандағы Имам Хомейни халықаралық әуежайына ұшақтар келгені немесе кеткені туралы деректер жоқ.
Фото: depositphotos.com