Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайдың солтүстігін су басты: 10 адам қаза тауып, 33 адам жоғалды

Қытайдың солтүстігін су басты: 10 адам қаза тауып, 33 адам жоғалды

Қытайдың Ганьсу провинциясының Ючжун округінде нөсер жауыннан кейінгі су тасқыны мен көшкін салдарынан кем дегенде 10 адам қаза тауып, 33 адам із-түзсіз жоғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.

Бейсенбіден бастап Ланьчжоу қаласының маңындағы таулы аймақтарда жауын-шашынның мөлшері 195 миллиметрге жетіп, қатты су тасқыны мен кем дегенде бір көшкін тіркелді. Электр қуаты мен байланыс қызметі үзілді, төрт ауылда 4 мыңнан астам адам оқшауланды.

Малиантан ауылындағы көшкіннен кейін үш адам әлі іздестірілуде. Гуанчжоу қаласының Байюнь ауданында да су тасқынынан туындаған көшкін жеті адамның өміріне қиды, тағы жетеуі жарақат алды.

Орталық Хэнань провинциясының астанасы Чжэнчжоуда мектептер, кеңселер мен зауыттар уақытша жабылып, кей аудандарда көлік қозғалысы тоқтатылды.

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин жергілікті билікке адамдарды құтқару және су тасқынының алдын алу бойынша шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

Фото: baq.kz
09 тамыз 2025 ж. 75 0