Бұғы зообақ қызметкерін таптап өлтірді

Ресейдің Чита қаласындағы "Амодово" зообағында бұғы қызметкерді балалардың көз алдында мүйізімен түйреп өлтірген.
Төтенше жағдай күндізгі экскурсия кезінде, балалар көп жиналған сәтте орын алған.
Бұғы қорасынан шығып, қаздар тұрған жаққа қарай жүгірген. Қызметкерлердің бірі оны өзінің тұратын жеріне қайтармақ болған.
Сол сәтте жануар қызметкерге шабуыл жасаған. Бұғы ер адамды мүйізімен жерге құлатып, таптап тастаған. Алған жарақатынан ол қаза тапты.
Зообақта балалармен бірге көп адам болды. Абыр-сабыр басталып, айқай-шу шықты. Адамдар қаша бастады, біз де балаларымызды алып, саябақтан тез кетіп қалдық, - деді зообақ директоры.