Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Семейде колледж кітапханасының ішіне бұғы кіріп кетті

Семейде колледж кітапханасының ішіне бұғы кіріп кетті

Семейдегі спорт колледжінде қызық жағдай орын алды. Колледждің кітапханасына бұғы кіріп кеткен. Оқиғаның видеосы желіде тарап кетті,

Спорт колледжінің қызметкерлері оқу орнының кітапханасынан бұғыны көрген. Жануар онда терезеден кіріп кетіпті. Ол ғимаратқа кірген кезде терезенің шынысын сындырып, кабельді зақымдаған. 
Ал қаладағы биологиялық орталық өкілдері оқиғаны растап, қала тұрғындарының көмек сұрап, жүгінгенін айтты. 
 «Колледждің ішінде бұғының жүргенін көрген қала тұрғындары біздің көмегімізге жүгінді. Оқиға орнына жеткенде жас, жабайы бұғыны көрдік. Мүйізі жоқ болған соң, ұрғашысы болар деп ойладық. Айналасына жиналған адамдардан қорқып, үркіп кеткен бұғы қасына ашық түсті кеудеше киген адам жақындай бергенде терезеден секіріп, қашып кетті», — дейді Семейдегі биологиялық орталықтың өкілі. 
Бұғының қайда кеткені белгісіз. Бірақ тұрғындардың сөзінше, олар қалаға адасып келген жануарды соңғы рет темір жолдың маңайынан көрген.
http://stan.kz
05 маусым 2019 ж. 696 0