Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайда тасқын қаупіне байланысты дабыл күшейтілді

Қытайда тасқын қаупіне байланысты дабыл күшейтілді

Елдің оңтүстік өңірлерінде нөсер жауын күшейіп, су деңгейі көтеріле бастаған.
Қытайдың су тасқыны мен құрғақшылыққа қарсы мемлекеттік штабы Хубэй провинциясы мен Чунцин өңірінде су тасқынына байланысты төтенше жағдайдың төртінші деңгейін енгізді.

Xinhua агенттігінің елдің Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлауынша, су тасқынының алдын алу жұмыстарына көмектесу үшін Хубэй провинциясына арнайы жұмыс тобы жіберілген.

Сонымен қатар штаб 23–27 мамыр аралығында негізгі аймақтарда күтіліп отырған нөсер жауынға байланысты су тасқынына қарсы шараларды күшейту үшін тиісті министрліктер мен ведомстволармен кеңес өткізді.

Соңғы мәлімет бойынша, Қытайдың орталық бөлігіндегі нөсер салдарынан қаза тапқандар саны жеті адамға жеткен. Тағы 14 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.
Ақпарат көзі: baq.kz
23 мамыр 2026 ж. 34 0