Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Футболдан әлем чемпионаты: Хорватия алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Футболдан әлем чемпионаты: Хорватия алғашқы жеңісіне қол жеткізді

KAZINFORM — Хорватия 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінің екінші турында Панаманы жеңді, деп хабарлайды Sports.kz. 

L тобындағы матч Торонто қаласындағы BMO Field стадионында өтті. Ойын хорваттардың 1:0 жеңісімен аяқталды.

Кездесудегі жалғыз голды Анте Будимир соқты. Йосип Станишичтің пасынан соң шабуылшы қақпаның алдында бос тұрған сәтті пайдаланып, допты торға енгізді.
Бұл жеңіс Хорватия үшін турнирдегі алғашқы жеңіс болды. Бұған дейін олар алғашқы турда Англиядан 2:4 есебімен жеңілген еді. Бұл жолы Панама қатарынан екінші рет жеңілді: бұған дейін команда Ганадан 0:1 есебімен ұтылған болатын.
Екі турдан кейін Англия 4 ұпай және 4:2 есебімен L тобында көш бастап тұр. Ганада да 4 ұпай бар, бірақ 1:0 есебі бойынша екінші орында. Хорватия 3 ұпаймен (3:4) үшінші орында, ал Панама ұпайсыз, бірде-бір гол соқпаған күйде соңғы орында (0:2).
Қорытынды турда Хорватия Ганамен ойнайды, ал Англия Панамамен кездеседі. Екі матч та 28 маусым күні Астана уақытымен 02:00–де өтеді.

Бұған дейін K тобында Португалия — Өзбекстан құрамалары кездесті. Бұл матчта Криштиану Роналдудың қос голы Португалияға жеңіс сыйлады.

Фото: Sports.kz
24 маусым 2026 ж. 31 0