Аудан спортшылары Азия чемпионатында ел намысын қорғамақ
2026 жылдың 27 маусымы мен 5 шілдесі аралығында Тайландтың Паттайя қаласында U15 және U20 жасөспірімдер мен жастар арасында күрестен Азия чемпионаты өтеді.Аталған дүбірлі додада Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасы сапында Сыр өңірінің намысын қорғайтын спортшы жерлестеріміз Болатұлы Алпамыс – U20 жас санаты, 60 кг (грек-рим күресі), Әмірмұхан Кабулов – U20 жас санаты, 55 кг (грек-рим күресі) және U15 жас санаты, 46 кг (әйелдер күресі) Жансапқызы Раяана бар.
Аталған балуандар Арал ауданындағы №19 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері.
Жерлестерімізге Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, ел мерейін үстем етер жеңістер тілейміз!
Пікір қалдыру











