Конституция
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жыл басынан бері Өзбекстан газ импортын 84% арттырды

Жыл басынан бері Өзбекстан газ импортын 84% арттырды

Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, қамтылып отырған кезеңде табиғи газдың импорты 84,1%-ға өсіп, 724,7 млн долларға теңелді. Әсіресе, мамырда Өзбекстанның көгілдір отынға сұранысы артып, аталған ресурсты сатып алуға бір айда 216,4 млн доллар жұмсады.
Бұл ретте экспорт 29,6%-ға қысқарып, оның жалпы сомасы 202,9 млн доллар болды. Өзбекстан ақпанда шет мемлекеттердің нарығына көп көлемде ($92,7 млн) газ шығарды, ал мамырда бұл көрсеткіш 73,5 млн долларға дейін кеміді.
Еске салайық, былтыр Өзбекстан Ресей газының импортын 15%-ға арттырды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстанда қаңтар-мамыр аралығында табиғи газ, мұнай және көмір өндірісі төмендеді.

kaz.inform.kz
Фото: kaz.inform.kz
07 шілде 2026 ж. 26 0