Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Моңғолияда найзағай түсіп, 1300-ден астам мал шығын болды

Моңғолияда найзағай түсіп, 1300-ден астам мал шығын болды

Орталық Моңғолияның Архангай аймағына қарасты Цэцэрлэг ауданынан 23 шақырым жердегі Зуслан деген жерде шілденің 9 күні нөсер жаңбыр жауып, найзағай жарқылдаған.

Соның салдарынан Г. есімді малшының 600 ұсақ малын және Л. есімді малшының 715 ұсақ малына жай түсіп, шығын болған.
Аймақтық Ауа райы және қоршаған ортаны бақылау басқармасының хабарлауына қарағанда, елдің басым бөлігінде бірнеше күн бойы нөсер жаңбыр жауып, найзағай жарқылдап, дауыл тұру қаупі жоғары.
«Нақтырақ айтар болсақ, 11 шілде күні батыс аймақтарда, орталық аймақтардың батыс бөлігінде, 12 шілде күні батыс аймақтарда және кейбір орталық аймақтарда, 13 шілдеде батыс және орталық аймақтар мен гобь аймақтардың батыс бөлігінде, сондай-ақ 14 шілде күні кейбір аймақтарда найзағай жарқылдап, қатты нөсер жэауады», - делінген хабарламада.
Жауын жауардан бұрын желдің күші 16-18 м/с жылдамдыққа жетіп, дауыл соғуы мүмкін екенін ескертеді.
Естеріңізге сала кетейік, 10-11-12 шілде Моңғолия Республикасының жарияланған күні ретінде тойланады. Қазіргі кезде Моңғолия халқының 40%-дан астамы мал бағып, күнін осы бес түліктің берекесінен тауып отыр. Халықтың тең жартысына жуығы әлі де көшпелі өмір сүреді.
https://baq.kz
11 шілде 2019 ж. 1 016 0