«Латын әліпбиі – өркениет жолы »

Латын әліпбиіне байланысты түсіндірме жұмыстары, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып жатқан тұжырымды ой-пікірлері халық арасында оң бағасын алуда. Бүгінде латын әліпбиіне көшу барысы төңірегінде әлеуметтік желіде жарияланған түрлі пайдалы тұстары да ұсынылуда. Осынау пайдалы ұсыныстарымен бүгінгі қоғамның азаматшасы ретінде толық оң пікірдемін.
1. Латын әліпбиі әлемдік өркениетке аяқ басуымызға септігін тигізеді. Кириллица жазуын әлемнің 12 мемлекеті ғана пайдаланады екен. Ал дүние жүзі халқының 80 пайызы осы әліпбиге көшкен.
2. Осының есебінен басқа тілдерді үйренуге мүмкіндігіміз артады. Әрбір жаңа тіл – жаңа әлем. Оның үстіне, латын тілі – жаңа технология тілі, ғаламтор тілі.
3. 1929-1940 жылдары латын әліпбиінде жазылған сол замандағы ұлы тұлғаларымыздың шығармалары мен қолжазбаларын келер ұрпақ қиындықсыз оқи алу керек.
4. Бүгінде әлемнің әр түкпірінде 5 миллионға жуық қазақ тұрады. Оның 80 пайызы латын әліпбиін қолданады. Қандастарымызбен жақындасудың маңызы айтпаса да түсінікті.
5. Әліпби өзгерту төл сөздерімізді жазуда кеткен олқылықтарды жөнге келтіруге көмектесіп, қазақ сөздерінің дұрыс айтылуына ықпал етеді. Әлеуметтік желілерде латын қаріптерімен жазатын жастар жетіп артылады. Әрине осы уақытқа дейін ұсынылған әліпбидің бірнеше нұсқасы қазір біршама реттеліп, жөнге келуде . Әлі де қосып-алуды, толықтыруды қажет етеді, әрине .
Мемлекет және қоғам қайраткері М.Жолдасбековтің «Ұлттық сананы қалыптастыру үшін Ұлы Дала тарихын ұрпақ санасында тірілту қажет» деген өткір ойы өткен тарихпен тікелей сабақтастық табуда. Осы таңға дейін біздің кітапхана қорымызға латын әліпбиіне негізделген алғашқы оқулықтар келіп түсті. Олардың қатарында «Медицина латын сөздігінде», «Латын әліпбиі теория, әдістеме және насихат», «Латын әліпбиіне көшу: ғылыми тәжірибелік негіздері, даму процесі және басты мәселелер» деген оқулықтар кітап қорына келіп түсуде. Латын әліпбиіне тікелей қатысты осынау оқулықтар заман көшіне тікелей ілесе білетін жаңалыққа, жаңашылдыққа жаны құмар жас оқырмандар үшін тың дүние деп есептеймін. Ойдың негізгі түйінін Чарльз Кеттерингтің «Мені болашақ қызықтырады, өйткені онда барлық қалған өмірімді өткізбекпін» деген ойымен сабақтаймын. Ендеше, болашақтың жалынды жастары болашақ үшін жасалып жатқан осындай ұлы бастамаларға негіз бола алса, елдігіміз, егемендіміз мәңгілік болары ақиқат.
Г. Шалманова,
Арал аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы