Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 31 наурыз: Ел тарихында орын алған оқиғалар

31 наурыз: Ел тарихында орын алған оқиғалар

Резервтік көшірме жасау (бэкап) күні
Бұл күн ақпаратты қорғау мен оны сақтауды қамтамасыз етуге қоғамның назарын аудару мақсатында белгіленген. Резервтік көшірме жасау дегеніміз – қосымша ақпарат тасымалдаушы құралға құжаттың көшірмесін жасау процедурасы. Резервтік көшірменің қажеттілігіне ерекше мән берген Реддит сайтының қолданушылары Бэкап күнін атап өту туралы ұсыныс жасап, бастама көтерді. Бұл күннің неліктен 31 наурызға белгіленгеніне тоқтала кетсек, 1 сәуір күні қылжақбастар күлкі күніне орай жіберген вирустары мәліметтерді жойып жіберуі жиі кездеседі. Ал Бэкап күні дәл сол ақпараттарды сақтау керектігін еске салады.
1995 жылы Ұлттық банктің мемлекеттік сақтау қоймасына «Балқаш-ЛТД» тау-кен компаниясының алғашқы алтын құймасы жеткізілді.
1995 жылы «Қазпошта» әлемдік мәдениет қайраткерлері мен ұлы Абайдың 150 жылдығына арналған пошталық маркаларды шығарды.
1998 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен Қазақ ұлттық музыка академиясы (ҚазҰМА) құрылды.
31 наурыз 2020 ж. 462 0