Дауларды татуластырумен реттеу жұмыстары жалғасуда
Арал аудандық сотында талап қоюшы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның жауапкерлерден несие берешегін кепіл мүлкінен өндіру туралы талабы бойынша 4 азаматтық іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, жауапкерлер «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамынан төлем және қайтарым шартына сәйкес несие алып, оны қайтару жөніндегі борышын орындамаған. Осыған орай, талап қоюшы қарызды кепілде тұрған мүлік арқылы өндіріп алуды қолдану туралы талаппен сотқа жүгінген.
Алайда, сотқа тараптардан істерді өздерінің қатысуынсыз қарау туралы арыздар және татуласу келісімдерін бекіту туралы өтініштер түскен.
Татуласу келісімінің шарттары бойынша, жауапкерлер берешек несие қарызын өзара келісілген уақытта төлеуге міндеттенген.
Сот ұйғарымдарымен татуласу келісімдері бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі