Тараптар дауды бейбіт жолмен реттеді
Арал аудандық сотында талап қоюшы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның жауапкер Н-дан несие берешегін кепіл мүлкінен өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, жауапкер «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамынан төлем және қайтарым шартына сәйкес несие алып, оны қайтару жөніндегі борышын орындамаған. Осыған орай, талапкер қарызды кепілде тұрған мүлік арқылы өндіріп алуды қолдану туралы талаппен сотқа жүгінген.
Алайда, сотқа тараптардан істі өздерінің қатысуынсыз қарау туралы арыз және татуласу келісімін бекіту туралы өтініштер түскен.
Татуласу келісімінің шарттары бойынша, жауапкер берешек несие қарызын өзара келісілген уақытта төлеуге міндеттенген.
Сот ұйғарымымен татуласу келісімі бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі