Жаңақұрылыстықтар ризашылық білдірді

Жолдың ауыртпалығына қарамай, қанша шақырым жол жүріп, жол жағалай орналасқан елді мекендердің тыныс-тіршілігін көзбен көріп, тұрғындардың өтініш-тілектерін өз аузынан естіп, аманат арқалау үлкен жұмыс. Оны орындау одан да үлкен жұмыс екенін халық біледі, басшы да біледі. Облыс басшысының іс-қимылы, сөздеріне ауыл тұрғындары ризашылықтарын білдіріп, ауыл ақсақалдары қасиеті Рамазан айындағы іссапарына сәттілік тіледі.
Сердалы Шалбаев,
Жаңақұрылыс ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы