Құрметті аудан тұрғындары!
Өңірімізде эпидемиологиялық жағдай күрделі. Індет жұқтырғандардың саны күн санап артуда. Өкінішке қарай, жұрттың көбі әлі де бейсауат, бейғам жүр. Соның салдарынан жақындарымыз қиын жағдайға түсіп, сан соғып қалып жатырмыз. Осыған сәйкес, санитарлық нормаларды қатаң бақылау мақсатында кезекшіліктер ұйымдастырылып, сақтық шараларын қатаң ұстау, карантин талаптарына мұқият қарау мақсатында аудан әкімдігі тарапынан түсіндірме жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.
Ардақты ағайын! Карантин уақытында адамдар бір жерге көп жиналмауы қажет. Тұрғындар көшеге тек бетпердемен шығуы тиіс. Халық көп шоғырланатын орындарда арақашықтықты қатаң түрде сақтауы керек. Сонымен қатар жиын-той, басқосулар мен адам көп жерлерден аулақ болғандарыңыз жөн.
Арақашықтық сақтағанымыз – ағайыннан алшақтағанымыз емес, айналамыздың амандығын ойлағанымыз. Осыны жете түсініп, терең сезіне білсек, бұл індетке бөгет бола алатын қоғамдық иммунитетіміз де күшейе түсер еді. Біздің қалыпты өмірге қайта оралуымыз әлеуметтік жауапкершілігімізге тікелей байланысты екендігін ұмытпайық! Әрдайым жақындарымызға жанашыр болайық!
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.