Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғасыр жүрек тоқтады

Ғасыр жүрек тоқтады

Ауданға қарасты Аралқұм елді мекенінің тұрғыны 104 жастағы Енсепова Тәжігүл әжей дүниеден озды.
Өмірге 9 баланы әкеліп, аяқтандырған алтын құрсақты ана өнегелі әулеттің отын маздатқан шамшырағы, ауыл-аймақ үшін кеудесі қазынаға толы ақылшы жан болды.
Әжейден тараған ұрпақтары - немерелері мен шөбере-шөпшектері бүгінде бір қауым елге айналып отыр.
Тәжігүл әжей тылда тер төккен, одан кейін де Райым колхозында зейнет жасына жеткенше балық шаруашылығы саласында ұзақ жылдар табанды еңбек етті.
Ғибратты ғұмырының иесінің отбасына, балаларына, ағайын-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз.
Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын.

Арал ауданының әкімдігі
Арал аудандық мәслихаты
«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы
Арал аудандық, қалалық ардагерлер кеңесі
Арал аудандық қоғамдық кеңесі
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

16 шілде 2020 ж. 391 0