Елордаға Қызылордадан 300 тонна өнім жөнелтіледі

Елордадағы атаулы шараға Сыр елінің өнімдері тиелген 25 жүк көлігі барады. Атап айтсақ: балық және балық өнімдер – 25 тонна, күріш – 146 тонна, қауын, қарбыз – 96 тонна, асқабақ – 28 тонна, көкөніс, жемістер – 18 тонна, сүт өнімдері, шұбат, бал, тары, талқан – 10 тонна. Сондай-ақ Қызылорданың брендіне баланған балықты Арал мен Қазалы ауданындағы арнайы сервистік-дайындау орталықтары жеткізетін болады. Ал сүт өнімдерін, басқа да тез бұзылатын тауарларды апаруға рефрижератор автокөліктер даярланған.
https://kyzylorda-news.kz/