Бір қатар ұсыныстар тыңдалды

Бұл жымқырумен байланысты қылмыстық құқық бұзушылығы есепші-маманның электрондық цифрлық қолтаңбаның кілтін қолдануда басшыларымен бақылаудың болмауынан орын алып, мемлекетке 3 634 292 тенге мөлшерінде материалдық залал келтірілген.
Кезедесу барысында, ауылдық әкімдерге алдағы уақытта екінші қол қою құқығына ие тұлғаға, яғни мекеменің есепшісіне электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттерін беруге шектеу қойып, оларды қолдану бойынша ведомстволық акті негізінде тәртібін бекіту, Қармақшы ауданы әкімі аппаратына қарасты мекемелердің қызметіне тиісті тексеру жүргізіп, электронды цифрлы қолтаңбаның бекітілген тұлғаның өзімен қолданылмауы салдарынан мемлекет қаржысын талан-таражға салу және ысырап ету фактілері анықталған жағдайда хабарлауды, қылмыстық құқық бұзушылықтарға жол берген лауазым иелерінің тәртіптік жауапкершіліктерін шешу ұсынылды.