Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 8 облыста дауылды ескерту жарияланды

8 облыста дауылды ескерту жарияланды

11 қарашада Қазақстанның 8 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

12 қарашада Жамбыл облысында таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей жерде 11-13 қарашада тұман, 12-13 қарашада көктайғақ болады. 11-12 қарашада оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерде 15-20 м/с, 12 қарашада екпіні 23-28 м/с жетеді.
11 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе қар) болады. 11-12 қарашада кей жерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с жетеді.
11 қарашада Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен, жел соғады, күші кей жерінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады.
11 қарашада Қостанай облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с жетеді.
11 қарашада Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с сақталады.
11 қарашада Түркістан облысының кей жерінде тұман түседі. 11 қарашада Ақтөбе облысында кей жерінде тұман, көктайғақ болады. Ертең Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады. 
baq.kz
10 қараша 2020 ж. 332 0