Қызылордада жолдар жаңартылып жатыр

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл жолдарды жөндеуге өткен жылдармен салыстырғанда екі есе көп қаражат бөлінді.
Бүгінде жұмыс Шанхай, Коммунизм, КБИ, Әл-Фараби аудандарында, Титов және Гагарин кенттерінде жалғасуда. "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында Арай шағын ауданындағы Жақаев көшесінің орташа жөндеуі аяқталуда. "Ақнұр-Авто" ЖШС ұзындығы жарты шақырым жолды асфальттауға кірісті.
egemen.kz