Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Азаматтық іс татуласу келісімін жасасумен аяқталды

Азаматтық іс татуласу келісімін жасасумен аяқталды

Арал аудандық сотында талап қоюшы У-дың жауапкер М-дан «Уаз» автокөлігін қайтарып алып беруді немесе көлікті өз атына аударып алуын міндеттеу және көлік салығы бойынша төлеген сомманы өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, талап қоюшы «Уаз» маркалы көлігін жауапкерге сатқан, алайда сатып алушы оны өз атына рәсімдеп алмағандықтан, көлік салығын өзі төлеуге мәжбүр болған.

Істі сот талқылауына дайындау барысында, сотпен тараптарға дауды татуластыру рәсімдері арқылы шешу құқықтары және оның құқықтық салдары түсіндірілген.

Осыдан соң, тараптар дауды татуластыру рәсімдері арқылы реттеуге бет бұрып, сотқа өзара жасасқан татуласу келісімін бекіту үшін ұсынған.

Сот ұйғарымымен татуласу келісімі бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
19 қараша 2020 ж. 306 0