Сот актілерінің жинағы шықты

Аталған жинақ судьялар мен сот қызметкерлеріне қосымша көмекші құрал ретінде пайдалану үшін және іс жүргізу тілін жетілдіруге, сот актілерінің сапасын арттыруға бағытталған.
Алқалы жиында сот жүйесін одан әрі дамыту және нығайту бойынша ұсыныстар талқыланып, атқарылған жұмыстар қорытындыланып, болашаққа міндеттер қойылды.
«Сот жүйесіндегі жүргізіліп жатқан реформалардың мақсаты-ашық қоғам қалыптастыра отырып, әлеуметтік, құқықтық жүйені жетілдіру, азаматтардың сотқа сенімділігін, сот әділдігіне қолжетімділікті арттыру болып табылады. Жасалып жатқан ізгі бастаманың барлығы халық үшін. Сот саласында қолға алынған жаңа реформалардың, соңғы жаңалықтардың да барлығы көпшіліктің игілігіне қызмет етуде»,-деді Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Асхат Сабыров.
kyzylorda-news.kz