Тегін бетпердемен қамтылады

Бүгін Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстан Республикасындағы атқарушы дирекциясының директоры Б.Бекнияз сайлау кезінде халыққа тегін үлестіру үшін 20 мың дана бетперде тарту етті.– Аталмыш қор аралдықтардың денсаулығына алаңдаушылық білдіріп, сайлау кезінде олардың вирус жұқтырып алмауы үшін тегін бетпердемен қамтамасыз етіп отыр.
Аудан халқы атынан алғысымды айта отырып, саяси науқан кезінде халық денсаулығының басты назарда болатынын айтқым келеді, – деген аудан басшысы М.Оразбаев ықыласын білдірді.Айта кетейік, қазіргі күні ауданда 46 мыңға жуық дауыс беруші бар. Саяси дода кезінде оларға осы бетперделер мен өзге де қорғаныш құралдары тегін таратылады деп жоспарлануда.
«Толқын» ақпарат