Елбасымен кездескен бала

Немересіне ырымдап Елбасының есімін берген атасы баласының болашағына үлкен үмітпен қарайды. Сола бала осыдан үш жылдай уақыт бұрын Қызылорда қаласында Елбасымен кездесіп, өзінің бала тілек арманын айтқан болатын. Сыр өңіріне арнайы сапармен келген Елбасының алдында тәтті тілімен асқақ арманын тәптіштеп айтқан бала Нұрсұлтан бүгінде қаладағы №260 орта мектептің 5 «ә» сыныбында оқиды. Оқу үлгерімі де жақсы. Қазіргі уақытта сурет салғанды және кітап оқығанды жақсы көреді. Арманы әлі де президент болу. Одан бөлек, ержеткенде еліміздегі мұқтаж отбасыларға көмектесу. Мектепте қоғамдық жұмыстар мен мектепішілік іс-шараларға да белсене қатысады. Елбасының алдында Президент немесе ғарышкер болғысы келетінін және Нұр-Сұлтанға баруды армандайтынын айтқан бала Нұрсұлтан бүгінде мектеп мақтаныштарының бірі ретінде ержетіп келеді. Отбасында ата-әжесі, әке-шешесі және екі қарындасы бар.
Бала кездегі арман қай періштеде болмасын асқақ болады. Десе де, өсе келе әр бала өз ортасына, алған тәрбиесіне қарай алдына үлкен мақсат қояды. Осыдан үш жыл бұрын Елбасының алдында өз арманын айтқан бала Нұрсұлтанның бүгіндегі арманы – жақынына жанашыр болып, елге қызмет ету. Әрине бұдан асқан арман бар ма?! Ата-бабаларымыз айтқандай бала Нұрсұлтан тек атасының ғана емес, елінің баласы болсын дейміз. Өз ортасында мұқтаж жандарға қол ұшын созып, қайырлы істен құр қалмай жүрсе адамдық биік шыңы сол болмақ. Тілегі таудай баланың Алла аузына салған сөзін қабыл болғай.
А.Бисенов.