Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Азаттық – асқақ арман

Азаттық – асқақ арман

Тәуелсіздік – қастерлісің, қасиетті тірегім,
Тәуелсіздік  сен деп соғар кеудемдегі жүрегім.
Тәуелсіздік  бабалардың келген қасық қанымен,
Еркіндігім, бостандығым – бізге мұра білемін.
Тәуелсіз ел  ұлағатты ұлылардың жалғасы,
Өзіңменен басталады қасиетті жыр басы.
Бір  сен үшін бабаларым қанын төгіп, жан берді,
Сындырмасын сағыңды сатқындықтың  сырғасы.
Еркіндіктің дәмін татып, бостандығың байыды,
Жырға қосып ақындар жүр, сенің осы жайыңды.
Желтоқсанда бой көтеріп, мұнарадай жастығың,
Жырға қосам сол себепті ғасыр, жылдар, айыңды.
Мың тәубе, арайланып тыныш атқан таңдарға,
Қол жеткізіп, бейбіт күнде барлығымыз  арманға,
Алла берген бостандық пен азаттықтың әр күнін,
Қадірлейік,  қастерлейік,  мынау құтты қоғамда!
Нұрай Әділкереева.
№13 орта мектептің оқушысы
Арал қаласы
19 желтоқсан 2020 ж. 628 0