Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 22 желтоқсанға арналған ауа райы

22 желтоқсанға арналған ауа райы

«Қазгидромет» мамандары 22 желтоқсан күні ел аумағында ауа райы қандай болатынын жариялады.

Атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың солтүстік, солтүстік-батыс және шығыс аймақтарында қар жауады. Боран соғып, жел күшейеді. Қазақстан территориясының қалған бөлігіне антициклон әсер етеді, сондықтан жауын-шашын болмайды. Республиканың кей жерінде тұман түсіп, жел күшейеді, көктайғақ болады. 
Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші - 15-20 м/с, түнде- 23-28 м/с. Кей жерде бұрқасын көтеріліп, тұман сақталады. 
Павлодар облысында кей жерде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Боран соғады. 
Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі, бұрқасын соғады. Жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 
Түркістан, Қарағанды, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі. 
Маңғыстау, Алматы облыстарының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ күтіледі. 
Қостанай облысының кей жерінде боран соғады. Күндіз жел қарқыны -15-20 м/с.
baq.kz
22 желтоқсан 2020 ж. 200 0