Байқау жеңімпаздары анықталды
«Қазақтелеком» АҚ журналистер арасында ұйымдастырған байқауда Өңірлік коммуникациялар қызметінің маманы Аслан Сағындық жеңімпаз атанды.
Аслан Сағындық орыс тілінде «ПРОГРЕСС ПО ПРОВОДАМ» тақырбында сюжет әзірлеп, «Kyzylorda-news.kz» ақпараттық агенттігіне жариялады. Бейнематериалы үздік деп танылып, 500 мың теңге қаржылай сыйлықпен марапатталды.
Байқау 28 маусым бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесі қарсаңында жарияланды. Қортындысы Тәуелсіздік мерекесінде шығарылды.
– Былтырғыға қарағанда биыл өңірлік БАҚ-тардан қазақ тілінде көп жұмыс қабылданды. Саладағы өзгерістер, компаниямыз жаңалықтары жайлы халыққа хабар беру біз үшін аса маңызды. Сондықтан да осы байқау еліміздің бас операторының қызметі жайлы хабар таратуға БАҚ өкілдерін жұмылдырудың тағы бір мүмкіндігі болды, – дейді «Қазақтелеком» басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.
Байқаудың жалпы жүлде қоры 2 200 000 теңге болды. Әр жүлделі орынға 2 жұмыстан – қазақ тілінде бір, орыс тілінде бір жұмыс алынды. Бірінші орын иегерлеріне 500 мың теңге, екінші орынға 350 мың теңге, үшінші орынға 250 мың тегеден қаржылай сыйлық берілді.
Алты жеңімпаз атанған журналистер:
1- орын – «Егемен Қазақстан» газетінен Асқар Арнұр; «Kyzylorda-news.kz» агенттігінен Аслан Сағындық;
2- орын – Азамат Нұғыманов, «Қазақстан» ТРК; Bestnews агенттігінен Жанар Сердалина;
3- орын – Turaninform.kz порталынан Қалмақан Құрманғали; «Халық арнасы» радиостанциясынан Раушан Сыбанжанова.
syrboyi.kz