Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Агроөнеркәсіп – қоғамның маңызды саласы

Агроөнеркәсіп – қоғамның маңызды саласы

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Шарбану Жангүшікова агроөнеркәсіп саласы өкілдерімен кездесу өткізді.
Қазіргі экономикалық өрлеу кезеңінде агроөнеркәсіптік кешен – еліміздің дамуына қолғабыс беріп келе жатқан салалардың бірі. Алдағы уақытта агроөнеркәсіптік кешенге үміт зор. Мемлекет ауыл шаруашылығын несиелендіруді қолға алып, оның тиімді берілуін көздеп отыр. Осы орайда «Nur Otan» партиясының да бақылауы зор. Осы жылдың жиырма алтыншы жұлдызы күні Арал аудандық «Фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің филиалына барып, мекеме қызметкерлерімен кездесіп, әзірленген сайлауалды бағдарлама экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететіндігін атап өтті Шарбану Жангүшікова.
Үміткер партия саясатының қай уақытта да,ел игілігіне жарайтын істерді атқаратынына сенімді түрде айта алатындығын жеткізді.

«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы Арал ауданының сайлау қорының қаражатынан төленді
28 желтоқсан 2020 ж. 362 0