Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Үміткерлер салық басқармасы ұжымында

Үміткерлер салық басқармасы ұжымында

«Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер аудандық сайлауалды штабтың төрағасы Талғат Қанатов, «Арал Су Құрылысы» және «ТТ Құрылыс-Сервис» компанияларының директоры Темір Бисембаев, аудандық мәслихат хатшысы Дәуренбек Мадинов аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы ұжымымен кездесу өткізді. Үміткерлер бағдарламадағы басым бағыттармен таныстырды.
  • Біз білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, аудан тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыруға күш саламыз. Әлемдік коронавирустық пандемия біздің елдің экономикалық жағдайына кері әсерін тигізді, сондықтан 2020 жылы мемлекет дағдарысқа қарсы шаралар әзірледі.
Оларға карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты мынадай көмектер көрсетілді:
– халықтың әлеуметтік осал топтарының ішіндегі 5350 адам тамақ өнімдері мен үй жиынтықтары үшін төлем алды;
587 аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, 6 жасқа дейінгі 695 балаға кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер берілді;
5293  адамның коммуналдық шығындары жабылды.
Елбасы бастамасымен қолға алынған «Біз біргеміз!» акциясы аясында «Nur Otan» партиясының мүшелері мен еріктілер 706 отбасына азық-түлік себеттерін жеткізіп, 1314 адамның әрқайсысы 50000 теңгеден алды.
Тұрақтылықты сақтау үшін шағын және орта бизнес дағдарыс кезінде айтарлықтай қолдау алды:
–  214 жаңа бизнес-жобаны құруға 117,5 млн. теңге гранттар қарастырылды;
Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша 616 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін жобаларға 2,9 млрд теңге бөлінді;
–  төтенше жағдай кезінде несиелер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуге мораторий енгізілді;
зардап шеккен жеке кәсіпкерлер мен шағын орта бизнес өкілдерінің несиелері бойынша міндеттемелерді кейінге қалдыру енгізілді.
Сұрақтарға тұшымды жауап берген үміткерлер үгіт парақшаларын таратып,  «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.


"Nur Otan" партиясының Қызылорда облысы Арал ауданының сайлау қорының қаражатынан төленді
30 желтоқсан 2020 ж. 370 0