Мерейі үстем мұғалім
Ақирек тауының баурайында Ақбай деген ауыл бар. Қос саланы қатар игерген мұндағы жұртшылық Жер-Ана төсіне дақыл егіп, егін жинауда да, төрт түлікті өріске толтырып, мал өсіруде де ешкімнен кем қалған емес.
Иә, біздің айтпағымыз бұл емес. Негізгі тілге тиек еткелі отырғанымыз бас тақырып меңзеп тұрғандай, мерейі үстем мұғалім жайында. Ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында аталып өтілген білім саласындағы оң өзгерістерді барынша қолдауға, насихаттауға ерекше мән беріп келеді.
Жалпы, әр жылда кейде біз күтпеген жаңалықтар орын алады. Өз салмағымен жетістіктер көрініс табады. Кейіпкеріміз №63 орта мектептің ұстазы Света Үсенқызы Тоғызбаева да біліктілігінің арқасында өткен жылды табыспен қорытындылап, еңбек ететін ұжымның мерейін асқақтатты. Енді шәкірттерге сапалы білім, саналы тәрбие берген ұстаз жайында қысқаша тоқтала кетсек.
Света – Қармақшының тумасы. Әкесі Үсен мен анасы Теңгегүлдің тәлім-тәрбиесін жадына тоқыған кешегі жас бертін келе Қызылорда қаласындағы оқу орнында инженерлік-экономикалық институтына түсіп, «Экология және табиғатты пайдалану» мамандығы бойынша жоғары білім алды. Артынша ақбайлық Рүстембек есімді азаматпен жүрек жарастырып, қос жұп ұл-қыз өсіріп, шуақты шаңырақтың иесіне айналды. Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінде информатика мамандығы бойынша да оқып, жергілікті білім ұясында еңбек жолын бастады. «Ізденген жетер мұратқа» демекші, арманы асқақ жан әрдайым жұмысты бірінші кезекке қойып, берілген тапсырманың мұқият орындалуына күш салды.
Нәтижесі міне, «Жылдың үздік ұстазы – 2020» атты байқауға қатысып, жеңімпаз атанды. «Жүзден жүйрік шықты» деген осы шығар. Республикалық байқау дегеніміз еліміздің түкпір-түкпіріне педагогтар қатысатын аламан бәйге екенін ескерсек, алақандай ауылда үміткер болып тіркеліп, жеңімпаз атану – екінің бірінің қолынан келе бермейтін шаруа екені айтпаса да түсінікті. Сөзге тарттық:
–Топ жарамын деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмеген. Бірақ осындай республикалық деңгейде ұстаздар арасында бәйге жарияланып жатыр дегенді естіп, «менің өзгеден қай жерім кем» деген оймен тиісті құжаттарды әзірлеп, жоғарғы жаққа жолдадым. Шүкір, еңбегім ескерусіз қалмады. Үйімдегі отағасы қолдады, атам, ардагер ұстаз Жеткерген де рухани демеді. Ұжым тілектестік танытты. Қолыма Қазақстан Республикасының «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының білім және ғылым саласына қосқан айрықша еңбегі үшін «Жылдың үздік ұстазы – 2020» атты төсбелгісі тиді. Оған ҚР Білім және ғылым министрлігі, Ғылым комитеті мемлекет тарихы институтының, Нұр-Сұлтан қаласындағы Білім беруді жаңғырту орталығының және «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының директорлары қол қойған. Аталған І дәрежелі диплом еңбегіме берілген оң баға екенін ұғынып, жүрегім айрықша шаттанды, – деп бізбен қуанышын бөлісті.
Уақытпен үндесе отырып, өз ісінің шебері атанған Света Үсенқызының мұның алдында да талай сайыстарда топ жарып жүргенін атап өткен артық болмас. Алайда жыл қорытындысымен алған лайықты бағасы өз алдына бір төбе. Тағы сөз ретінде марапат иесі, яғни жыл үздігі Света Тоғызбаева бір адамның қолынан ештеңе келмейтінін алға тартып, жеткен жетістіктерінің барлығы ұжымның оған артқан сенімінің арқасы екенін жеткізді.
Шындығында да солай.
А.Жайшылық