Мен саған есірткі жайлы айтып беремін
Замандасым, мені мұқият, әрі жүрегіңе қондырып тыңда. Айтқалы отырғаным, кейбір жандарды өмір жолында адасу мен азғындыққа итермелеген, әлемді жаулаған есірткі жайында болмақ. Адамзаттың қас жауы бола тұра, оның үлкен-кішіні өзіне тәуелді етуі көкірегімді ашу-ызаға толтырды. Онымен тек қолыма қалам-қаруымды алып күресуге бел байладым.
Бұқаралық ақпарат құралдарынан білгенім, есірткі әуел баста кейбір ауру зардабын тартқан науқастарға дерттің күшін басу үшін, яғни тән ауырсынуын азайту үшін пайдаланған. Ал қазірде замандастарымыз таза, сау тәндерін ауру тәнге айырбастап жүр. Олар күннен-күнге денсаулықтарының кеміп бара жатқандығын да сезер емес. Есірткінің жалған рақатына бөленіп, айналасындағы жақындарына жан күйзелісін тартқызып жүргендерін, ессіз адамдай сезер емес. Кескіндерін теледидардан көргенде, тура жындыхананың науқастары дерсіз. Бір сөзбен айтқанда, олардың арасынан айырмашылық та байқап тұрғаным жоқ. Екеуі де ессіз. Өздеріне есеп бере алмайды. Қоғамға қауіпті.
«Бір кездері жайдарлы, көңілді жүрген жандар не себепті осындай бейшара күйге түсті екен» деген ой көп мазалайды. Егер терең ойланар болсам, не оны біреулер мәжбүрлейді, не өзі тым қызба, көрсеқызар болған болар деп ойлаймын. Әйтпесе, есірткінің орнын басар қызықты дүниелер көп қой мына өмірде.
Замандасым, сен менің пікіріммен келісесің деп ойлаймын. Бұл ессіз зат әлемді жаулап кетті. Дегенмен сен және мен секілді салауатты өмір салтын ұстанатындар қатары көбейсе, әлі-ақ оны алып жығармыз. Мен ертеңіме сенемін! Сен де сен, замандас!
Біздің арқа сүйеріміз, есірткімен тынымсыз күресіп жүрген полиция қызметкерлерінің ерліктерін жаңалықтардан жиі көріп жүрміз. Ессіздерден біз көппіз! Демек, күшімізді біріктірсек, қоғамымызды азғындық пен қатыгездіктен тазартамыз деп ойлаймын. Әйтпесе, осы есірткінің кесірінен әлемде жауыздық кең тарап, бірі қимас досынан, бірі бауыры мен жақынынан айырылып жатыр.
Бұл пәлекеттің кесірінен көптеген сұмдық қылмыстар орын алуда. Өздерін және өзгелерді қинау оларға соншалықты оңайға соққаны ма? Статистика бойынша бұл есірткі тұзағына мектеп жасындағы жасөспірімдер көптеп түседі. Бұл жерде олардың бейкүнә таза пейілін пайдаланған азғындардың ісі деп есептеймін. Олардың арбауы мен алдауына түспейікші! Отбасы бақыты мен өмірдің күнделікті қызықты сәттерінен артық рақат жоқ деп ойлаймын. Сен де осы құндылықтарыңды ессіздікке айырбастама, замандасым! Ол пәлекет бір күндік рақат боп көрінер. Бірақ, залым таңсық дүниенің ақыры шарасыздық пен темір торға әкеп соқтырар.
Сол кезде адам ойын азғыратын бұрыс жолға бұрмалайтын кеселдер пайда болады. Жас бала болсын, орта жаста болсын, өкінішке орай, тұзаққа түсіп қалады.
Мені қынжылтатын нәрсе, неге осы есірткінің кесел екеніне көздері жетіп тұрса да, ақ, кіршіксіз өмірін қара, мұңды, қайғылы өмірге айырбастайды? Не себепті жас ғұмырларына балта шабады, ата-анасына қатыгездікпен қарайды? Қанша ойлансам да, осы сұрақтарға жауап таппай келемін.
Тек бар тілегім, замандас үлкен-кішілерден өтінерім, «осы ғасыр дертінен аулақ болайық, ізбасарларымызға шын ниетпен түсіндіріп, мейірімділікке толы жүректерді көбейтейік!» дегім келеді.
#УПНДПКЗО
Назым Тоқабаева,
№177 орта мектебінің 10 «А» сынып оқушысы
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сексеуіл кенті