Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жас отбасы медиация көмегімен некесін сақтап қалды

Жас отбасы медиация көмегімен некесін сақтап қалды


Арал аудандық сотында талап қоюшы Т-ның А-мен арасындағы некені бұзу туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.Іс құжаттарына сәйкес, жұбайлар 2020 жылы некеге тұрып, отбасын құрған.  Талап қоюшы талабында, жауапкермен дәм-тұзы жараспауынан отбасын сақтап қалудың мүмкін еместігін көрсетіп, заңды некені татуласу мерзімін тағайындамай бұзуды сұраған.
Істі сот талқылауына дайындау барысында, сотпен тараптарға ортақ тіл табысып, медиация келісімін жасау жөніндегі құқықтары мен мүмкіндіктері түсіндірілген.
Осыдан кейін тараптар сотқа азаматтық істі өздерінің қатысуынсыз қарау туралы арыздары мен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхаттар түсіріп, некені сақтап қалу жөнінде жасасқан келісімдерін ұсынған.
Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы жұбайлар арасында жасалған келісім бекітіліп, азаматтық іс өндірістен тоқтатылды. Төленген мемлекеттік баж алымы талап қоюшыға қайтарылды.
Осылайша, жас жұбайлардың қол жеткізген медиативтік келісімдері, отбасы құндылығын сақтап қалды.
                                                                                             
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
20 қаңтар 2021 ж. 316 0