Татуластыру шараларын насихаттауға медиаторлар да ынталы

«Жақсының жақсылығын айт – нұры тасысын» демекші, өмір мектебінен мол тәжірибе жинақтаған аудандық Билер кеңесінің мүшесі, кәсіпқой емес медиатор, КСРО және ҚР Халық ағарту ісінің озық қызметкері Жолмағамбетов Аманжол ағамыз, қай жиынға да белсенді қатысып, қоғамдағы даукестіктің деңгейін төмендетіп, даулардың келісім арқылы шешілуіне нәтижелі жұмыстар атқарып келеді.
Жергілікті газет беттерінде де, А.Жолмағамбетовтың авторлығымен «Медиация-бітімгершілікке шақырады», «Медиация-бітімгершілік кепілі» атты мақалалары жарияланған. Ағамыз аудандық «Толқын» газетінің 12 қаңтар 2021 жылғы санындағы «Шәкіртің шықса биікке...» атты мақаласында, аудандық сот ғимаратының жанынан Ұлы даланың аты аңызға айналған үш биіне арналған ескерткіштің бой көтергендігі туралы ақпарат келтірген.
Би ағаларымыздың осындай еңбектерінің арқасында, бүгінде көпшілік Билер кеңесі мен медиаторлар туралы біліп, оларды іздеп, көмегіне жүгінетін болды.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі