Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алимент ақысының төленбеуі қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады

Алимент ақысының төленбеуі қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады

ҚР Конституциясының 27-бабына сәйкес, неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.
Неке және отбасы туралы Кодексінің 138-бабының 1-бөлігіне сәйкес, ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға міндетті.
Алимент төлеу жөніндегі сот актісі орындалмаған жағдайда, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабына сәйкес, борышкерге 5 а.е.к мөлшерінде айыппұл салуға немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
Ағымдағы жылдың өткен мерзімінде аудандық прокуратурамен 2 борышкерге қатысты әкімшілік іс қозғалып, әкімшілік жазаға тартылды.
Сонымен қатар, ҚР Қылмыстық Кодексінің 139-бабына сәйкес, ата-ананың кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағу жөніндегі міндеттерін орындамауы алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Сот актісін орындамағаны үшін қылмыстық жауаптылық туындайтын жағдайлардың тізбесі кеңейтілді. Оларға: борышкердің дəлелді себептерсіз бас тартуы (сот орындаушысын хабардар еткен сəттен бастап немесе жұмыс орнынан босатылған сəттен бастап) бір ай ішінде оны жұмысқа орналасуға мұқтаж тұлға ретінде есепке қою үшін құзыретті мемлекеттік органдарға жүгінуден бас тартуы; ұсынылған бос лауазымнан жұмысқа мұқтаж ретінде есепке қойылғаннан кейін екі жəне одан да көп рет бас тартуы; жұмысқа орналастырылғаннан кейін бір ай ішінде жұмыс орнынан өз еркімен; елдің жəне одан тыс жерлердегі курорттық-сауықтыру кешендеріне жолдамалар, өзге де сəн-салтанат заттарын сатып алу жəне қымбат ақылы қызметтер алу; өндіріп алушыға ай сайынғы төлемдерді төмендету мақсатында болмашы табысты белгілей отырып, жалған жұмысқа орналастыру жатқызылады.
Жеке сот орындаушыларының өндірісіндегі алимент өндіру жөніндегі атқару құжаттарының орындалуы аудандық прокуратураның үнемі қадағалауында.

Арал аудандық прокуратурасы
29 қаңтар 2021 ж. 621 0