Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тараптар дауды татуласу келісімімен аяқтады

Тараптар дауды татуласу келісімімен аяқтады

Арал аудандық сотына талап қоюшы «Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» жауапкер К-дан жануарлар дүниесіне келтірілген зиян 416 472 теңге өндіру туралы талаппен жүгінген.

Істі сот талқылауына дайындау барысында, сотпен тараптарға дауды татуластыру рәсімдері арқылы шешу құқықтары және олардың құқықтық салдары түсіндірілген.

Сот отырысында тараптар сотқа өзара жасасқан татуласу келісімін бекіту үшін ұсынып, іс жүргізуді тоқтатуды сұраған. Татуласу келісімінің шарттары бойынша, жауапкер жануарлар дүниесіне келтірілген зиянды өзара келісілген уақытта төлеуге міндеттенген.
Сот ұйғарымымен татуласу келісімі бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
01 ақпан 2021 ж. 354 0