Демалыс күндері ауа-райы күрт бұзылады

Жауын-шашын түсіп, ауа-райының нашарлайды (жаңбыр, қар), еліміздің солтүстік бөлігінде бұрқасын соғып, көктайғақ болады, республикамыздың басым бөлігінде тұман түседі, - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Циклонның өтуінің соңғы кезеңінде Қазақстанның оңтүстік бөлігі Түркіменстаннан бағытталған антициклонның ықпалына түседі.
Атмосфералық процестердің тез өзгеруі бүкіл республикамыз бойынша ауа температурасының күрт құбылуына әкеліп соғады.
mail.kz