Алматыда қар жауды
21 сәуірде сағат 13.00-ден бастап жауған жаңбырдың соңы қарға ұласты. Тау бөктерінде 10-12 см, ал қала ішіне 6-8 см дейін қар түсті.
Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының мәліметінше, түңгі сағат 22.00-ден бастап көктайғақтың алдын алу үшін жолдарға арнайы материалдар себіліп, қар тазалау жұмыстары жүргізілген. Тайғаққа қарсы 243 тонна арнайы материал пайдаланылған.
Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ қалталарын, жер үсті өткелдерін және ортақ пайдаланылатын жерлерді тазарту жұмыстары жалғасуда. Қар тазалау жұмысына 395 техника бірлігі, оның ішінде 136 құмлақтырғыш пен 965 жол жұмысшысы жұмылдырылды, - делінген хабарламада.
Оған қоса аудандық әкімдіктер мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын тәулік бойы бақылайтын кезекшілік ұйымдастырылған.
Қазгидрометтің болжамы бойынша, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын 22 сәуір күні түске дейін жалғасады.
Ауа райының күрт бұзылуына байланысты Алматы полициясы көлік жүргізушілерін жолда сақ болуға шақырады.
Көбіне бұл үндеу қауіпті арттыру құралын қолданатын қаланың жүргізушілер құрамына бағытталған. Біз оларды жол ережелерін қатаң сақтауға, көлік жүргізу мәдениетін көрсетуге және зейінді арттыруға шақырамыз. Көптеген автокөлік жүргізушілері дөңгелектерін жаздыққа ауыстырып үлгергені белгілі, сондықтан біздің үндеуіміз қазір өте өзекті және қала жолдарында қайғылы жағдайларды болдырмауға көмектеседі, - дейді Алматы қалалық полиция Департаменті жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Манап Саттаров.
baq.kz