Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «NUR OTAN» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс ХХХІІІ конференциясы өтті

«NUR OTAN» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс ХХХІІІ конференциясы өтті

Кеше аудан әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы Серік Сермағамбетовтың төрағалығымен аудандық партияның кезектен тыс ХХХІІІ конференциясы болып өтті.

Конференцияға 33 бастауыш партия ұйымынан 55 делегат және Саяси кеңестің бюро мүшелері қатысты. Оның ішінде 25 делегат онлайн форматта ZOOM желісі арқылы қатысты.
Күн тәртібінде Аққұм ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидат ұсыну мәселесі қаралды.

Өз өтініштері бойынша ұсынылған кандидаттарға дауыс беру форматы бойынша аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Қанатов баяндама жасап, делегаттарға дауыс берудегі құқықтарын түсіндірді. Дауыс беру мандат комиссиясын көтеру арқылы ашық түрде жүргізілді.

Үміткерлерге дауыс берудің қорытындысы бойынша санақ комиссиясының мүшесі Ү.Қазыбаева хабарлама жасап, жоғары дауысқа ие болған үміткердің кандидатурасы Арал аудандық аумақтық сайлау комиссиясына тіркеуге ұсынылатынын жеткізді.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

14 шілде 2021 ж. 239 0