Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Авторлық құқық және тауар таңбасы туралы не білеміз?

Авторлық құқық және тауар таңбасы туралы не білеміз?

Авторлық құқық түсінігінде авторға тиесілі шығармашылық еңбек нәтижесінде пайда болған ғылыми, мәдени және әдеби өнертабыстар, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар жатады.
Ауызша (көпшілік алдында айтушылық, көпшілік алдында орындаушылық және сол сияқты);
Үнжазба немесе бейнежазба (мехеникалық, сандық, магниттік, оптикалық және сол сияқты);
Бейнелеу (сурет, нобай, көркемсурет, жоспар, сызба, кино, телебейне немесе фотокадрлар және сол сияқты);
Көлемді- кеңістікті (мүсін, үлгі, макет, ғимарат және сол сияқты);
Өзге де нысанда жария болған да (жарияланған, жарыққа шыққан, баспадан шыққан, көпшілік алдында орындалған, көпшілік алдында көрсетілген), жарияланбаған да туындыларға қолданылады.
Авторлық құқық – автордың жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтары. Авторлық құқық және сабақтас құқығы  автордың өнер туындыларын, қойылымдарды, орындаушылықты, эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының хабарларын қорғайды.
Авторлық құқық және авторлық құқық объектілері бірнеше категорияларға бөлінеді.
Мүліктік және мүліктік емес авторлық құқықтар. Айрықша немесе айрықша емес авторлық құқықтар. Өнер туындысына құқығы бар адамдар оны жеке-дара қолдануға құқылы және оны басқа адамдардың өнертабысты қолдануына тыйым сала алады.       
Өнертуындыға айрықша емес құқығы бар тұлғаға және осындай әдіспен аталған өнертуындыны қолдану үшін рұхсат алған басқа да тұлғаларға, өнертуындымен айрықша құқығы бар тұлғамен бірдей қолдануына құқығы бар. Егер шартта ерекше көзделмесе, авторлық келісім-шартпен берілген құқықтар айрықша емес деп саналады.
        Мүліктік емес авторлық құқық ол жеке құқық болғандықтан, онымен мүліктік құқық сияқты сатуға, сатып алуға, сыйлауға, мұралық етіп жасауға болмайды.
        Авторлық құқық автордың бүкіл ғұмырында және автор қайтыс болғаннан кейін 70 жыл көлемінде сақталады, авторлық құқық- программалық бұйымды әзірлеуге қатысты автордың құқықтық жағдайын анықтайтын заң шығаратын нормалар жиынтығы.
        Авторлық құқық ғылым, әдебиет, өнер шығармаларын шығару және пайдалануға байланысты қатынасты реттейтін азаматтық құқық тарауы; ол ұлттық құқық пен авторлық құқықты қорғау жөніндегі халықаралық конвенциялармен реттеледі.
        Тауар белгісі- бір заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын немесе көрсететін қызметтерін екінші бір немесе жеке тұлғалардың осы тектес тауарларын  немесе көрсететін қызметтерінен ажыратуға мүмкіндік беретін таңба.
        Тауар белгісі өнімді дараландыру тәсілі болып табылады. Бұл тәсілді меншіктену құқығы заң бойынша зияткерлік меншікке жатқызылады. Тіркелген тауар белгісіне куәлік беріледі. Тауар белгісі ретінде сөз, бейне, көлем және басқа таңбалар немесе олардың құрамдастырылған түрлері тіркелуі мүмкін. Тауар белгісі заңмен қорғалады және оны тауар үшін тауар белгісі ретінде тіркелген бүкіл тауарларға
немесе оның бір бөлігіне қатысты жасалған шарт бойынша басқа бір заңды және жеке тұлғаларға беруге болады.
        Сонымен бірге Тауар белгісінің иесі (лицензиар) тауар белгісін пайдалану құқығын лицензиясыз келісім бойынша басқа тұлғаға (лицензиатқа) беруі мүмкін. Тауар белгісімен қатар белгілі бір фирманың бір тауарын бір тауарын емес, барлық тауарларын таңбалау үшін символ- белгі түріндегі сауда таңбасы (кейде оны фирмалық белгі деп те атайды) мен шығарылатын өнімге емес, шығарушы фирмаға тиесілі сауда атауы да пайдаланылады. Заң жүзінде қорғалған тауар белгісі, әдетте дөңгелек сызықпен қоршалған латынша   R әрпімен таңбаланады.
Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын бұзған тұлға бұзушылықты дереу тоқтатуға және тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығы иесінің шеккен залалдарын өтеуге міндетті. Тауар шығарылған жердiң атауын немесе оған айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемені пайдаланудың құқыққа сыйымдылығын айқындауға байланысты дауларды сот Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.
Тауар шығарылған жердiң атауы немесе оған айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгілеме құқық иеленушінің келісімінсіз орналастырылған тауар және оның қаптамасы контрафактілік деп танылады. Контрафактілік тауарлар және олардың қаптамалары, сондай-ақ оларды жасау үшін пайдаланылған саймандар, жабдық немесе өзге де құралдар мен материалдар осындай тауарларды айналымға енгізу қоғамдық мүдделер үшін қажет
болатын және Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзбайтын жағдайларды қоспағанда, соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде айналымнан шығарылуға және бұзушының есебінен жойылуға жатады.
Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын бұзған тұлға жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету кезінде жұмыстарды орындаумен немесе қызметтер көрсетумен бірге жүретін материалдардан, оның ішінде құжаттамадан, жарнамадан, маңдайша жазулардан тауар шығарылған жердiң атауын немесе оған айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемені алып тастауға міндетті.
Г. СМАҒҰЛОВА,
Арал ауданаралық әділет басқармасының жетекші маманы,
ҚР «Заңгерлер одағының» мүшесі
29 шілде 2021 ж. 688 0