Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Демалыс күндері 40 градус ыстық болады

Демалыс күндері 40 градус ыстық болады

Тамыз айының басынан бастап, Иранның аудандарынан елдің батыс жартысына жылы және құрғақ ауа массалары келе бастайды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. 

Соның салдарынан ауа температурасы 33-38-ге дейін, кей жерде 43 градус ыстыққа дейін көтеріледі.
Алайда, республиканың қалған аумағы атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінде болады. Бұл өңірлерде жаңбыр жауады. 
31 шілдеде оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, оңтүстік және оңтүстік-шығыста екпіні 25 м/с, шаңды дауыл болады. 
Ауа температурасы күндіз солтүстікте, орталықта және шығыста 27-36 градусқа дейін көтеріледі, оңтүстікте 35-40 градус ыстық болады.

baq.kz
30 шілде 2021 ж. 244 0