Өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығы танылды

Талап қоюшы арызында, Арал қаласындағы 4 мөлтек ауданындағы жер учаскесіне тұрғын үй салып, отбасымен сол үйде тұрып жатқанын, барлық коммуналдық төлемдерді уақытылы төлеп отырғанын көрсетіп, тұрғын үй құрылысына меншік құқығын тануды сұраған.
Сот отырысында жер учаскесіне өз бетімен салынған тұрғын үй құрылысының сақталуы басқа тұлғалардың заңды мүдделерінің бұзылуына әкеп соқпайтындығы, пайдалануға жарамды екені, жер учаскесінің автоматтандырылған ақпараттар жүйесінде бос екені, талап қоюшының бұл үйге мұқтаж екені, коммуналдық төлемдерді төлеп тұрғаны бекітілді.
Осыған орай, сот шешімімен талап қоюшының өз бетімен салған тұрғын үй құрылысына меншік құқығын тану туралы талабы қанағаттандырылды.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі