Жауапкершілік жүгін сезінеміз

Жолдауда көтерілген мәселелер барлық қазақстандықтарды, бірінші кезекте ұстаздар қауымын бей-жай қалдырмайды. Жолдауда еліміздің әл-ауқатын көтеру мен экономикасын жетілдіру жолындағы ұстанған басты басымдықтарының бірі – білім беру саласы екендігі баса көрсетілді. Президент Жолдауының бір бағыты осы мәселеге арналғаны қуантады.
Бұл ретте соңғы жылдары ауылдары мектептеріне жасалып келе жатқан қолдау алдағы уақытта да өз жалғасын таба беретіні анық байқалады. Расында қала мектептері мен ауыл мектептерінің білім сапасы қазіргі уақытта деңгейлес жағдайға жетті. Алайда ұстаздарға мемлекеттен жасалған қолдауға орай әлі талай істелетін жұмыс көп. Біз ол жауапкершілікті жақсы сезінеміз.
Қорыта айтқанда, Президент Жолдауынан кейінгі түйін – білім беру саласының алдында үлкен міндет тұрғанын аңғартады. Яғни, жасампаз шығармашылық тұлғаларды дайындап, ел игілігіне қызмет істеуге жұмылдыру. Білім берудегі көрсеткіштерді әлемдік көшбасшылардың деңгейіне шығару. Осынау игілікті істердің нәтижелі болуына сенім білдіремін және өз үлесімді қосуға мүдделімін деп санаймын.
Ж. ИСАТАЕВ,
№60 Ж.Түменбаев атындағы мектептің мұғалімі