Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұғалімдердің еңбек ақысын өсіруге 1,2 трлн. теңге бөлінеді

Мұғалімдердің еңбек ақысын өсіруге 1,2 трлн. теңге бөлінеді

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ұжымы мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» тақырыбындағы Жолдауын тыңдады. Бұл Жолдау елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарына арналды.
«Мемлекет басшысының кезекті Жолдауында өзекті мәселелер айтылды. Соның бірі, білім және ғылым саласының адами капиталды дамытудағы орны. Соңғы жылдары Мемлекет басшысының тікелей   қолдауымен бұл салаларда өршіл бастамалар қолға алынып, осының арқасында сапалық өзгерістерге куә болудамыз. Осынау үрдісті жалғастыру аясында алдағы 3 жылда ұстаздардың еңбек ақысын өсіруге 1,2 трлн теңге бөлінетіні барша зиялы қауымның көңіліне қуаныш ұялатты. Сонымен қатар, Жолдауда осындай көптің көңілінен шыққан білім бағдарламаларын тез өзгермелі заман талабымен үндестіру, оқытушы-педагогтердің кәсіби біліктілігін  5 жыл сайын емес, енді 3 жыл сайын көтеру, оқушылар арасындағы ғылыми жобалар конкурстары мен олимпиада жеңімпаздарын тәрбиелеген педагогтерді марапаттау сияқты бастамаларды көтерді»,-деді Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы-Ректор Б.Кәрімова.
Айта кетейік, бұған дейін Президент педагогтардың жалақысын көтеруді тапсырған болатын. Осы орайда, биылғы жаңа оқу жылынан бастап университет оқытушыларының жалақысы 90 пайызға артты. Бұл Жолдауда да Президентіміз білім саласына ерекше көңіл бөліп, ғылымға қолдау көрсету туралы тапсырмалар берді. Сондай-ақ, жетекші ғалымдарға тұрақты және өз еңбегіне лайықты жалақы төлеу мәселесін шешу керектігін де айтты. Бұл ғылымға деген үлкен қолдау.

kyzylorda-news.kz
02 қыркүйек 2021 ж. 495 0