Жолдаудан қолдау көріп, қуат алудамыз

Сондай-ақ, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылатынын еске салды. Бұл ретте әрбір азаматқа мемлекет тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін сақтап қалатынын айтып, оны қаржыландыруға алдағы үш жылда 2,8 трлн теңге бөлінетінін жеткізді. Демек алдағы үш жылда еліміздегі жоғарғы атқарушы билік пен үкімет аталған жүйені іске асыруға баса маңыз беретін болады. Бұл Жолдау осылайша бізді қанаттандырып, адам өмірі үшін маңызды саналатын саланың кемшіліктерін жоюға басымдық бергелі отыр. Біз ол үшін қуаныштымыз.
«Ендігәрі қателік жіберуге қақымыз жоқ» деген Мемлекет басшысының жігерлі сөзі бізді әрқашан қанаттандыратын болады. Салаға деген демеу жыл сайын артатын болса еліміз бойынша медицианылық көмектің сапасы да жақсара түсетін болады. Біз сол жолда аянбай еңбек ете беретін боламыз.
А.Үмбетова,
Арал ауданаралық ауруханасы ШЖҚ,
КМК дәрігер эксперті.