Отбасылық дауларда медиацияның тиімділігі зор
Қазақ қай заманда да сөзге тоқтаған, билердің қара қылды қақ жарып айтқан төрелігін аяқасты етпей, ымыраға келіп, бейбіт тірлігін жалғастырған халық. Жер мен жесір дауы, барымта мен қарымта дауы ел ішінде от ауызды орақ тілді шешендер мен данагөй ақсақалдардың араласуымен әділ шешімін тауып отырғаны тарихтан белгілі.
Әдетте әрбір жаңа нәрсе естен шыққан ескінің қайта жаңғыруы деп жатады. Сол тұрғыдан алып қарайтын болсақ, «Медиация туралы» заңның қабылдануы, Азаматтық-процестік кодекске татуластыру тәртібін реттеген арнайы тараудың енгізілуі, көптеген пилоттық жобалардың қолға алынуының астарында осы қазақы құқықтың жылдар бойы дәлелденген, өзін әлдеқашан ақтаған дәстүрін жаңғыртсақ деген ізгі ниет жатса керек.
Олай дейтініміз, осы татуластыру рәсімдері бүгінде жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық даулардың түйінін тарқатуда кеңінен қолданылып жүр.
Алғашында тек кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың ғана жұмысына айналған медиациялық келісім жасау үрдісіне, келе-келе адвокаттардың да атсалыса алатыны, судья-медиаторлардың да көмектесе алатыны заңдық тұрғыдан бекітілген.
Жыл басынан бері, аудандық сотта медиация тәртібімен 74 азаматтық іс өндірістен тоқтатылса, 3 азаматтық іс партисипативтік рәсім тәртібімен (тараптардың адвокаттарының жәрдемдесуімен), 10 азаматтық іс татуласу келісімдерін жасасумен аяқталған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда едәуір артқан.
Негізінен, бірінші саты соттарында ең көп қаралатын істерді неке және отбасылық қатынастардан туындайтын даулар құрайды.
Некені бұзу туралы азаматтық істі қараған кезде судьяның алдында тұрған міндет ерлі-зайыптыларды ажырату емес, керісінше татуластыруға, заңды некені сақтап қалуға негізделеді. Ажырасамыз деп келген тараптарға судьямен дауды татуластыру рәсімдері арқылы шешудің тиімділігі, отбасылық құндылықтардың маңыздылығы жайы түсіндіріледі. Бір сөзбен айтқанда, татуластырушы-судья Азаматтық процестік кодексте белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, даудың медиация тәртібімен реттелуіне жәрдемдеседі.
Бұрынырақта... деп алысқа көз жүгіртпей-ақ қоялық, біздің бала күнімізде ауылда бірлі-жарым ажырасу оқиғаларын көзбен көргеніміз рас, бірақ ол өте бір ұят нәрсе секілді болып көрінетін. Бүгінде ажырасу–қалыпты дүние есебінде қарастырыла беретін болғандай.
Сот процестерінде байқайтыным, уәж емес нәрсе үшін ренжіскен жұбайлар да ашудан ажыраса салуға дайын тұрады. Осындайда жүргізілген татуластыру шаралары ажырасуға бел буып келген жастарды ойландырып, дауға басқа жағынан қарауға және де дұрыс шешім қабылдауға себепші болып жатады.
Жыл басынан бері аудандық сотта неке бұзу туралы 68 талап қанағаттандырылса, 30 талап ерлі-зайыптылардың татуласуларына байланысты өндірістен тоқтатылған.
Сондықтан да, отбасылық дауларды реттеуге татуластыру рәсімдерінің мүмкіншілігі мен тиімділігі зор дер едім.
Н.БЕКЕТАЕВ,
Арал аудандық сотының судьясы.