Толқын Арал аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Арал мен Жаңақорған аудандарының аралығына уақытша бекеттер қойылды

Арал мен Жаңақорған аудандарының аралығына уақытша бекеттер қойылды

Жаңбырдан соң бірден суық ұрғасын Қызылорда көшелерін мұз басып қалды.
Қыстың ауылы алыс деп бейқам жүріп, дөңгелегін сайламаған жүргізушілер үшін қозғалыс қиынға түсті. Таңсәріден авто және жаяу жүргіншілер жолын тазалауға кіріскен коммуналдық мекеме қызметкерлері қала көшелерін қардан түгел тазартуға үлгірмей жатыр. Дегенмен, күшейтілген жұмыс кестесіне көшкен. Ал магистральды трасса бойындағы Арал мен Жаңақорған аудандарының аралығына уақытша бекеттер қойылды.
«Медицина қызметкерлері жүргізушілердің денсаулығын тексеріп, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды. Аталған тас жолда түн мезгілінде жол апаттары болып жатыр. Сол себептен біз түнгі мезгілде жүргізушілерді тоқтатып, шаршап келе жатқан болса демалуын сұрап жатырмыз», – дейді ДП жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Бауыржан Ибраев.
17 қараша 2021 ж. 174 0