Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді электронды түрде жүзеге асыруға болады

Төменде көрсетеліген қызмет түрлерін электронды түрде тапсыруға болады:
1) акционерлік қоғамды, филиалды (өкілдікті) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жері өзгерген;
2) басшы өзгерген (басшы тағайындалған, басшының міндетін атқарушы тағайындалған, заңды тұлғаның мүлкін және қызметін басқарушы тағайындалған, басшы лауазымынан шеттетілген);
3) Заңның 14-1-бабында көзделген талаптарды қоспағанда, құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген;
4) жарғылық капиталдағы үлес сенімгерлік басқаруға берілген;
5) шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталы ұлғайған;
6) экономикалық қызметтің негізгі түрі өзгерген;
7) саяси партияларды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдар құрылтайшыларының (қатысушыларының, мүшелерінің) құрамы өзгерген кезде енгізіледі.
Еркін Ашықбаев,«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша
филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша
Арал аудандық бөлімі басшысының орынбасары