Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бағыты айқын тәуелсіз елдің ұрпағымыз

Бағыты айқын тәуелсіз елдің ұрпағымыз

Партия Төрағасы Н.Назарбаев "Тәуелсіздік тағылымы" атты мақаласын жариялады.
Елбасы өз сөзінде: "Біз өзіміздің толағай табыстарымыз арқылы тәуелсіздікке сенбегендерді иландырдық, көнбегендерді қатарымызға тарттық, әлем мойындаған абыройлы мемлекетке айналдық. Тәуелсіздік те бақыт сияқты, бағалаған адамның, аялаған қоғамның қолына тұрақтайды. Халқы тату, экономикасы қуатты, саяси жүйесі тұрақты, мәртебесі биік, абыройы асқақ Қазақстанның болашағы кешегіден кемел, бүгінгіден нұрлы екендігіне кәміл сенемін"- деді.
Расында, біздің еншімізге тарихымызда өз ауқымыдылығы мен қиындығы жөнінен бұрын-соңды болып көрмеген жобаны жүзеге асыру – Сарыарқаның төріне, ерке Есілдің бойына ел қондырып, жаңа да әсем елорда салу мәртебесі бұйырған. Біздің жұрт – тамырын жеті қат жер астына жіберген алып бәйтеректей өзінің күш-қуатын ғасырлар бойы Ұлы дала төсінен алған байырғы халық. Бабаларымыз бізге мұра қылып ұлан-ғайыр жер қалдырған.
Тәуелсіздік-бабалар қанымен келген киелі құндылық. Тәуелсіздік- кез-келген азамат үшін ең қастерлі құндылық. Тамыры терең тарихымызға құрметпен қарап, мемлекеттілігімізді қадірлеу, оны көздің қарашығындай қорғау – әрбір қазақстандықтың міндеті.
Тәуелсіз еліміздің басты байлығы-адам. Мемлекетіміздің тірегі де, алтын діңгегі де-Қазақстан халқы. Сондықтан да Елбасының  «Ең бастысы-еліміз аман, ұрпағымыз азат. Біз алақанға салып өсірген сол азат ұрпақ ендігі жерде «Мен Қазақстаныма не беремін?» деген үндеуді әрқайсымыз ойлау керекпіз.
Тұңғыш Елбасының мазмұнды мақаласында: «Еңбек – адамды ең қиын жағдайдан құтқарып, оны жақсы өмірге бағыттай  алатын ұлы күш. Мен бұған ерте жастан көз жеткіздім. Сондықтан мен жастарға қайталаудан шаршамаймын: «Жұмыс жасаңыз, отбасыңызды тамақтарыңыз, елге қызмет етіңіз: бұл сіздің жеке табысыңыз бен Отаныңыздың әл – ауқатын арттырады» - делінген. Сол себепті, егер әр қазақстандық ел мен халық үшін қызмет етуге дайын болса және осы жолда аянбай еңбек етсе, Қазақстанымыздың гүлденері сөзсіз.

Индира  ЖҰМАШЕВА,                     
Арал аудандық мәслихат депутаты
14 желтоқсан 2021 ж. 721 0